Қырғыз-тәжік қақтығысынан 91 адам қаза тапқан

Қаза тапқандар арасында 15 жасар қыз да бар


19/09/2022
12:15 28301 0

18 қыркүйектегі Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қақтығыс құрбандары 59 адамға жеткен, оның ішінде 15 жасар қыз да бар. 

144 адам жараланып, ауруханаға түскен. Олардың көбі Бішкек пен Оштың ауруханаларына жеткізілген. Ресми хабарға қарағанда, 140 мың адам қауіпті аймақтан эвакуацияланған

Тәжікстан сыртқы істер министрлігі «32 адамы көз жұмды, оның көпшілігі - бейбіт тұрғындар» деп жариялады. Ал Қырғызстан сыртқы істер министрлігі «Қырғызстан қарулы күштері тек қана қорғанғанын» мәлімдеді. 

16 қыркүйекте Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында ірі қақтығыс болған. Екі тарап «жанжал бастады» деп бірін-бірі айыптаған. Қақтығыс кезінде бірнеше рет келіссөз жүріп, екі тарап оқ атуды тоқтатуға уағдаласқанымен шекарадағы атыс қайта жалғаса берген. Қырғызстанның Баткен облысында төтенше жағдай жарияланған. 

Ресми Бішкек 1қыркүйекті Ұлттық аза тұту күні деп жариялады. 

Поделиться

Нет комментариев.

19/09/2022 12:15
28301 0

Уведомление